Жарма ауданында «Үлгілі сот» жобасы негізінде фронт-офис ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес атқарушы билік пен халық арасындағы байланысты дамыту ісі ауданда жүйелі жүзеге асуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Берері мол осынау іске аудандық құқық қорғау салалары да атсалысуда. Бүгін Жарма аудандық соты ғимаратында Жоғарғы соттың «Үлгілі сот» жобасы негізінде фронт-офис ашылды. Мұндағы мақсат сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау. Яғни, осы орын арқылы сотқа жүгінуші азаматтар барлық қажетті ақпаратты ала алады.
Оқи отырыңыз