"Шығыс адалдық алаңы" жобасы аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде
Ұлан ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байдилдин Ұлан ауданында атқарылып жатқан кешенді жұмыстармен танысып қайтты, депхабарлайды Altaynews тілшісі.
Билік пен халық арасындағы қашықтықты қысқарту - сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жою жөніндегі жобаның негізгі мақсаттарының бірі.
Аудандық әкімдіктің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдай жасалған. Бірінші қабатта фронт-офис жұмыс істейді. Осы кеңседе мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес және қажет болған жағдайда кезектен тыс қабылдайды.
Халықтың құқықтық нормативтік базаға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін QR-код тақтасы орналастырылған, ол арқылы әрбір сала бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын тез алуға болады.