KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Жарма ауданында «Ашық әкімдік» бөлімі ашылды

30.11.2019, 21:09 223

Мемлекет басшысының халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты дамыту, жұмыс ашықтығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес Жарма ауданы әкімдігінде «Шығыс - Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ашық әкімдік» бөлімі ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Салтанатты түрде іске қосылған «Ашық әкімдік» бөлімінде азаматтарды жекелеген мәселелер бойынша қабылдап, көтерілген мәселелер өз оң шешімін тапты. Сонымен қатар, жаңадан қолданысқа енген бөлімде арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да қарастырылған. Бұл орындағы ғаламтор желісімен қамтылған дербес компьютерді пайдалану арқылы әрбір келуші өзіне қажетті қызмет ала алады.

Алдағы уақытта бекітілген кестеге сәйкес «Ашық әкімдік» бөлімінде азаматтарды қабылдау жүзеге асады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу