Америкалық журналистер үздікке үміткерлердің есімін атады – Бокс
Бокс туралы жазатын америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) дәстүрден жаңылмай, жылдың үздіктерін ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жылдың жаңалығы – «Он жылдықтың боксшысы» номинациясы. Аталым Джо Луистің құрметіне қосылды.
Vesti.kz-тің деректеріне сәйкес, «Жыл жекпе-жегі» номинациясына (Мухаммед Әли және Джо Фрейзер құрметіне) Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) кездесуі кірді. Сонымен қатар, бұл тізімде мына жекпе-жектер бар:
Наоя Иноуэ мен Нонито Донэр;
Мэнни Пакьяо мен Кит Турман;
Энди Руис пен Энтони Джошуа;
Эррол Спенс пен Шон Портер;
Джош Тейлор мен Реджис Прогрейс.
Сондай-ақ «Жыл бапкеріне» үміткерлер (Эдди Фатч құрметіне): Джей Диз бен Марк Бреланда, Деррик Джеймс, Брайан Макинтайр, Эдди Рейносо және Мэнни Роблес.
Ал «Он жылдықтың боксшысы» номинациясына (2010 - 2019) Сауль «Канело» Альварес, Мэнни Пакьяо, Владимир Кличко, Флойд Мейвезер, Андре Уордтың есімі ұсынылды.
«Жылдың боксшысы» атануға (Шугар Рэй Леонард құрметіне): Сауль Альварес, Мэнни Пакьяо, Наоя Иноуэ, Эррол Спенс, Джош Тейлор сынды былғары қолғап шеберлерінің мүмкіндігі бар.
«Жыл менеджері» аталымына(Кас Д’Амато құрметіне) Кит Коннолли, Луис Декубас, Питер Кан, Дэвид Макуотер пен Рик Мириган сынды азаматтардың бірі лайық деп танылды.