KZ
Өскемен
-35°
туман жел 1 м/с, СШ
510.43 594.86 6.49

Министр Bek Air ұшағы апатының мүмкін үш себебін атады

30.12.2019, 04:55 764

Ішкі істер министрі Bek Air ұшағы апатының мүмкін үш себебін атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Министрліктің тергеу тобы әуе апатының себеп-салдарын анықтап жатыр. Қазіргі уақытта үш нұсқа қарастырылуда. Біріншісі – экипаждың қателігі. Екіншісі – ұшақтың техникалық ақаулары. Үшіншісі – навигация қызметінің жұмысы, – деді Ерлан Тұрғымбаев.
Министрдің айтуынша, мамандар қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

– Апатқа ұшыраған ұшақты әуежай аумағына әкелеміз. Сол жерде әрбір бөлшегін тексеруден өткіземіз, – деп түйіндеді ІІМ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу