KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

«Fokker-100» ұшағы апатының себебі 10 қаңтарға дейін анықталады

29.12.2019, 09:11 239

«Fokker-100» ұшағы апатының себебі 10 қаңтарға дейін анықталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде үкіметтік комиссия әуе апатының алдын ала себептерін жария ететін болады. Сонымен қатар осыған дейін айтып өткенімдей, бүгін Мемлекетаралық авиация комитетінің сарапшысы келеді. Экипажға қатысты айтар болсам, ұшу туралы ережеге сәйкес, қызметкерлер Алматы қаласы әуежайының медициналық пунктінде тексеруден өткен, – деді Берік Камалиев.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған «Fokker-100» ұшағы соңғы рейсін 25 желтоқсан күні Атырау-Алматы бағытында орындаған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу