KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
487.42 531.39 5.04

"Күмәнім бар" - Трамп Boeing апаты туралы

10.01.2020, 04:22 176

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранда құлаған украиналық Boeing апатының себебі техникалық ақау дегенге күмәнмен қарайтынын мәлімдеді. Бұл туралы CBS News хабарлады.

"Бұл тұрғыда күмәнім бар", - деп мәлімдеді Трамп.

Ол болған оқиғаны қайғылы оқиға деп атады, алайда оның айтуынша, "арғы беттегі әлдекім қателесуі мүмкін".

Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған. Ресми мәлімет бойынша, 176 адам қаза тапқан: 167 жолаушы Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция, Ауғанстан азаматтары және экипаждың 9 мүшесі.

Дереккөз: Тенгриньюс



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив