28 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сегізінші қаралы күн
28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы сегізінші жағдай, деп хабарлайды Tengrinews-ке сілтеме жасап.
Аталмыш редакциясы ел тарихындағы қаралы күндерді тізіп шыққан екен.
2006 жыл 22 қыркүйек. Ленин (Шахтинск) атындағы шахтадағы қайғылы жағдай
2006 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада болған техногендік апат. Метанның жарылуынан 41 кенші қаза тапты, жеті жұмысшы зардап шекті. 8:56-да шахтада 368 адам болған кезде жарылыс болды. Жарылыс толқыны төрт жарым шақырымды қамтыды. Бір тәулік ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің денелерін жер бетіне көтерді. Кейінірек аза тұту жарияланды.
2010 жылы 16 наурыз. Қызылағашта су тасқыны
Қазіргі Қазақстан тарихындағы ең жойқын су тасқынының бірі. Алматы облысының Қызылағаш ауылынан наурыздың 11-нен 12-не қараған түні болған оқиға. 43 адам қаза тапты, оның ішінде сегіз бала бар. 300 адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, 1000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 146 үй толығымен бұзылды, 251 үй қирап, 42 үй зақымдалды. Аза тұту 16 наурызда жарияланды.
2012 жыл 5 маусым. Арқанкергендегі қанды оқиға
28 мамырда "Арқанкерген" шекара қызметінде 14 шекарашы мен қорықшы қаза тапты. Қылмыстың жасалуына жалғыз тірі қалған солдат - Владислав Челах кінәлі деп танылды. Қайғылы оқиғадан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 5 маусымында жалпыұлттық аза тұту жариялады.
2013 жыл 31 қаңтар. SCAT компаниясының ұшағы апатқа ұшырауы
Авиациялық апат салдарынан бортта отырған барлығы - 21 адам қаза тапты. 16 жолаушы және бес экипаж мүшесі. 2013 жылы 29 қаңтарда SCAT компаниясының Canadair CL-600-2B19 әуелайнері Көкшетау - Алматы бағытымен DV760 жоспарлы ішкі рейсін орындаған. Алайда Алматы әуежайына жақындаған тұста, ол жерге құлады.
2016 жыл 9 маусым. Ақтөбедегі лаңкестік
Террорлық акт салдарынан лаңкестердің қолынан 8 адам қаза тапты. Антитеррорлық операция кезінде 18 қылмыскердің көзі жойылды. 25 адамнан тұратын содырлар тобы "Паллада" және "Пантера" қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, одан әрі ҚР Ұлттық гвардиясының №6655 әскери бөліміне шабуыл жасады. Құқық қорғау органдары лаңкестікке тікелей қатысы бар тоғыз адамды, дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағаны үшін тағы 18 адамды, сондай+ақ екі адамды - жасырғаны үшін ұстады.
2019 жылы 28 желтоқсан. BekAir ұшағының апатқа ұшырауы
2019 жылы 27 желтоқсанда таңғы уақытта Bek Air әуекомпаниясының ұшағы Алматы маңына құлады. ІІМ 12 адамның қаза тапқаны туралы айтты.
Әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына төрт миллион теңге беріледі. Басқада зардап шеккендерге көмек берілетіні де айтылды. Бас прокуратура мен ІІМ әуе апатының себептерін анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға тиіс. Қазақстан тарихында сегізінші Жалпыұлттық аза тұту жарияланды.