KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

«Жастардың жемқорлықпен күреске жүйелі түрде бел шеше кіріскені қуантады» - Алик Шпекбаев

26.12.2019, 10:45 115

Шығысқа іссапармен келген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев студенттердің жобаларымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Агенттік төрағасы сапар барысында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ жанынан ашылған «Парасат» студенттерге қызмет көрсету орталығында болды. Бұл жерде де студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «бір терезе» қағидатымен әкімшілік және кеңес беру бағытында отыздан астам сапалы қызмет түрі көрсетіледі.

Алик Жатқамбайұлы университет студенттерімен қолға алынған «Ақ алақан» жобасын жоғары бағалады.

 Сондай-ақ агенттік төрағасы Өскемендегі Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде болып, білім мекемесіндегі студенттерді әділдік пен адалдыққа тәрбиелеп жатқан «Адалдық мектебінің» жұмысымен танысты, колледжді аралап көрді.

– Сіздердің аймақтарыңыздан өте жақсы әсерлермен қайтып барамын. Біз болған мекемелердің барлығында да ашықтық, жариялылық және мемқызметтерге қолжетімділік көрініп тұр. Әсіресе, жастардың жемқорлықпен күреске жүйелі түрде бел шеше кіріскені қуантады. Өйткені, ертеңгі жарқын болашақ та солардың қолында. Сондықтан олар осы бастан жемқорлықтың әлеуметтік дерт екенін түйсінгендері дұрыс, – деді Алик Шпекбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив