Өскемен көшелерінде тағы бір елік жүр (ВИДЕО)
Өскемен көшелерінде тағы бір елік жүр, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Жыл басынан бері Шығыс жұртшылығы аңдармен жақындасып кетті. Бұл сөзімізге білім іздеген бұғы, демалушылардың кәуәбін жеп кеткен аюлар, көліктің астында қалған елік пен Семейде жүрген сілеусін айғақ. Енді міне тағы да бір елік қала көшелерін кезіп жүр. Куәгерлер «uka_city_» паблигына еліктің видеосын жүктепті. Бейнежазбада еліктің Абай даңғылының бойында жүргенін аңғаруға болады.
- Иә тағы да бір жабайы еліктің қалаға кіргені жайлы білеміз. Қазір осы мәселені талқылап жатырмыз. Елікті ұстау оңай шаруа емес, - дейді Өскемен қалалық ПБ басшысы Даур Ибраев.