Өскеменді екі тәулік бойы кезіп жүрген елікті көлік қағып кетті
Өскеменді екі тәулік бойы кезіп жүрген елікті көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ориентолог-фаунист маманның айтуынша, қоңыр аң жыртқыштардан қашып, қаланы паналаған болуы мүмкін.
– Еліктер қала маңын мекендейді, Каменный карьер ауылының маңынан және КШТ ықшамауданы аумағынан кездестіруге болады. Жануар иттерден не жыртқыштардан құтылмақшы болған ,– дейді облыстық тарихи-өлкетану музейі ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Сергей Стариков.
Айта кетейік, елік екі тәулік бойы бұрынғы Үлбі ауданының көшелерін кезір жүрген.
Өткен аптаның соңында Өскемен қалалық ПБ басшысы Даур Ибраев Гагарин көшесінде елікті автокөлік қағып кеткенін айтқан еді. Елікті ветиринариялық клиникаға жеткізіп, ота жасаған.
«Науқастың» жағдайы әлі де ауыр. Елікті «ОСА» Өскемен қауымдастығы өз қамқорлығына алған көрінеді. Олар жануардың еміне қаражат жинаған.