KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

"Бас жүлде - грант". Назарбаев Зияткерлік мектебі байқау жариялады - Өскемен

21.12.2019, 08:08 248

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2020-2021 оқу жылының 7 сынып оқушылары үшін Елбасының «Өркен» білім беру грантына байқау жариялайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу - тегін. Сондай-ақ грант ұтып алған оқушыларға тегін оқулықтар мен мектеп формасы және үш уақыт тамақтану, (алыс ауданнан келетіндерге) жатақхана ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 18 желтоқсаны мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында Қаныш Сәтпаев даңғылы, 53, мекенжайында өтеді. Байланыс телефоны: 8 (7232) 56-08-43.

Тестілеу 2020 жылғы 14-15 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;

2) Сауалнама толтыру;

3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4) 086/у медициналық анықтама  формасы;

5) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда I жарты жылдықтағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5 сыныптың табелі қабылданады, 6 сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6 сыныптың 1-ші жарты жылдық табелі қабылданады).

6) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады. Фотосуреттің көлемі 450х600 пиксельден кем емес рұқсат ету шамасымен 600 пиксель/дюйм (dpi) төмен емес болуы тиіс.

7)  Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив