KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 1 м/с, В
526.81 542.72 5.16

ШҚО сұйық май өндірісінде көш бастап тұр. Ал Өскемен өсімдік майы қымбат қалалардың қатарында

18.11.2019, 05:18 342

Сұйық май өндірісі бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастап отыр. Алайда Өскемен сұйық май бағасы қымбат қалалардың қатарына кіреді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тазартылған сұйық май өндірісі бір жылда 15 пайызға, тазартылмағаны 19 пайызға өскен. Ең жоғары бағасы батыс өңірлерде және елордада тіркелген. Нұр-Сұлтанда сұйық май бағасы 1,9 пайызға өсіп, 473 теңге болды. Бұл рейтингі бойынша Семей 5-інші, Өскемен 7-нші сатыда.  

Ең төмен баға ірі қалалар мен мегаполистерде: Қарағандыда 380 теңге, ал Павлодарда 400 теңге.

Тазартылмаған сұйық май өндірісі бір жылда 19,2 пайызға өсіп, үш тоқсанда 129,8 мың тонна болға. Ал тазартылғаны 15,3 пайызға өсіп, 92,3 мың тонна болған.  Сұйық май өндірісі бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастап отыр. Еліміздегі өндірілетін барлық тазартылмаған сұйық майдың 84,5 пайызы, ал тазартылған сұйық майдың 63,1 пайызы Шығыстан шығады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу