KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

Колледждерді жабдықтауға құрылыс компаниялары атсалысқаны жөн – Даниал Ахметов

19.12.2019, 03:50 196

Облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдегі құрылыс компанияларын кәсіптік колледждерді жабдықтауға шақырды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

– Бір экскаватордың құны 80 миллион теңгеден асады. Әрбір колледжге мұндай қымбат техниканы алып беретін мүмкіндік жоқ. Қазір облыста құрылыс саласының мамандары өте қат. Ал колледж студенттері оқу орынында техника жетіспеушілігінен жаңа экскаваторларда жұмыс істей алмайды. Сондықтан, колледждерді жабдықтау ісіне сол  түлектерді жұмысқа қабылдайтын компаниялардың да атсалысқаны жөн, – деді Даниал Ахметов.

Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділовның айтуынша, өңірде үш колледжде компетенция орталығы ашылды. Оған жергілікті бюджеттен 437 миллион теңге бөлінді. Келесі жылы осы орталықтарда 13 мамандық бойынша 1400-дей студент білім алады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу