«Шекарасыз репортерлер» ұйымы баспасөз бостандығы рейтингісін жариялады
«Шекарасыз репортерлер» халықаралық ұйымының баспасөз бостандығы мен журналистикадағы ахуалды бағалайтын рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі 7kun.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл рейтингі бойынша Қазақстан 158-ші орынды иеленген. Рейтингке барлығы 180 ел кірген екен. Еліміз осымен екінші жыл қатарынан 158-ші сатыға орналасты.
Рейтингінің көшбасшылары – Норвегия, Финляндия, Швеция, Нидерланды, Дания.
«Еркіндігі» төмен дәрежедегі елдер қатарына Вьетнам (176-орын), Қытай (177-орын), Эритрея (178-орын), КХДР (179-шы), Түркменстан (180-ші орын) мемлекеттері кірді.
Сондай-ақ Қазақстанмен көршілес елдер: Қырғызстан — 83-ші, Ресей — 149-ші, Өзбекстан — 160-шы, Қытай — 177-ші орында.