Қазақстан әйелдерге қолайлы ма? NatGeo рейтингі жасады
National Geographic журналы әйелдердің өмір сүруіне ең қауіпсіз және қолайлы елдердің тізімі жасалған Women, Peace and Security Index (WPS Index) рейтингін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews-ке сілтеме жасап.
Рейтингті құру үшін негізгі үш көрсеткіш есепке алынды: қоғамдық-саяси және экономикалық өмірге қатысуы, қауіпсіздік, кемсітушіліктің жоқ екенін көрсететін әділдік.
Рейтингке әлемнің 167 елі енген. Бірінші орынды Норвегия еншіледі, одан кейін Швейцария мен Финляндия тұр. Үздік бестікті Дания мен Исландия түйіндеді. Қазақстан тізімде 43-орында тұр. Рейтингінің соңғы үш орны Сирия, Ауғанстан мен Йеменге берілді.