KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

«Altay Athletics» спортшысы халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

12.12.2019, 10:28 123

«Altay Athletics» клубының спортшысы тағы бір ірі халықаралық жарыстың жүлдегері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дәлірек айтсақ, Швейцарияның Женева қаласында өткен «Escaladerace» деп аталатын дәстүрлі додада Нора Джерутоның қанжығасы майланды.

Экс-кениялық желаяқ бес мың метрлік қашықтықты бәрінен жылдам жүгіріп өтті. Былтыр ғана Қазақстан азаматтығын алған Нора жарыс жолын 22 минут 56,2 секундта еңсеріп, мәреге екінші келген швейцариялық Хелен Бекеледен шамамен 16 секундқа озып кетті.

Айта кетейік, осымен 42-ші рет ұйымдастырылған жарыс Еуропадағы ең мәртебелі додалардың бірінен саналады. Мәселен, бұл жолғы бәсекеге 300-ден астам спортшы қатысыпты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив