KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 2 м/с, В
497.26 525.21 4.97

"Жол беріңіз!" – Семейде көлік жүргізушілеріне айыппұл салды

3.12.2019, 04:54 78

Семейде төтенше жағдай қызметкерлері «Жол беріңіз!» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

«Кейінгі кездері өрт сөндіруші көліктеріне жол бермеу жағдайы жиі кездеседі. Мұның алдын алу мақсатында жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп «Жол беріңіз!» атты акция ұйымдастырдық. Мақсат – көлік жүргізушілерін тәртіпті сақтау мен асығып бара жатқан өрт сөндіргіш көліктерге жол беруге шақыру», – делінген Семей қалалық өрт сөндіру бөлімінің ақпаратында.

Рейд барысында өрт сөндірушілерге дер кезінде жол босатпаған бес көлік жүргізушісіне айыппұл салынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу