KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, С
497.26 525.21 4.97

Жол беріңіз! ШҚО-да рейд жүріп жатыр

15.06.2019, 05:14 123

«Өрт сөндіргіш мәшинеге жол беріңіздер!» Семейдің төтенше жағдай қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірге рейдке шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өрт сөндірушілер әуелі қала көшелерін бір айналып шықты. Ережеге бағынбаған жүргізушілерді тоқтатып, Әкімшілік кодекстің 598-бабына сай, 10 айлық есептік көрсеткіш (25 250 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

– Қаншалықты тез барсақ, өртті соншалықты ерте сөндіреміз. Зардап шегушінің дүние-мүкәммалын аман сақтаймыз. Жол ережесіне сай, жүргізушілер төбедегі жарығы ойнап, дауыстап келе жатқан өрт сөндіру көлігіне жол беруі керек. Бірақ олардың ішінде жол бермейтіндері де көптеп кездеседі, – деді Төтенше жағдайлар басқармасының маманы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу