"Пәтер мен көтермеақы беріледі" – ШҚО-ға 300 дәрігер керек
ШҚО-да 363 дәрігердің орыны бос тұр. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппарат отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Біздің өңірге оқу орын бітірген 241 дәрігер бөлінді. Соның 11-і Көкпекті ауданына орналасып та үлгерді. Пәтер мен көтермеақы бердік. Енді басқа аудандардың барлығына да маман қажет. Баспана барлық жерде беріледі. Мәселен, Өскеменде 30 үй берілетіні айтылды, – деді облыстық Денсаулықсақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанов.
Оның айтуынша, көбіне анестезиолог, акушер-гинеколог, педиатр сынды дәрігерлер жетіспеуде.
Оқи отырыңыз