Полиэтилен пакеттерден бас тартпасақ болмайды
Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары бір апта бойы полиэтилен пакеттерді қолданудан бас тартпақ. Бұл «Жасыл кеңсе» акциясы аясында жүзеге асырылады. Оған облыстық экология департаменті қолдау көрсетеді.
Статистикалық дерек көздеріне сүйенсек, Өскеменде бір жылдың ішінде 100-150 миллион полиэтилен пакет пен қап қоқысқа тасталады. Қарапайым тілмен айтқанда, ол 20-40 вагонга тиелген қоқыспен тең.
– Полиэтилен пакеттер қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Қазақстандағы сыйымдылығы шағын полиэтилен пакеттерді сатуға кезең-кезеңімен тыйым салынады. Бірінші кезеңде полиэтилен пакеттерді тегін таратуға шектеу қойылады. Осы кезеңде халық арасында, әсіресе, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына полиэтилен пакеттердің қаншалықты зиян екеніне байланысты кеңінен үгіт жүргізу қажет, - деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.
Өскемендік экологтар бір апта бойы экосөмкелер, биологиялық ыдырайтын немесе қағаздан жасалған пакеттер ұстамайтын болады.
– Акцияның қорытындысы туралы әлеуметтік желілердегі парақшамызда жариялайтын боламыз. Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау, - дейді Елена Полянцева.