"Үш жылдан кейін халық Шығыстан көшудің жөні жоқ екенін түсінеді"
ШҚО медицинасы алдағы үш жылда респбуликада алдыңғы орында тұруға тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов айтты.
Облыс әкімінің айтуынша, бұған дейін 270 дәрігер шетелде оқып келді. Бұл үрдіс әлі де жалғасады.
– Ауылдардағы мектеп пен емханалардың жабылуы халықтың көшуіне әкеліп соғады. Сол үшін де біз білім мен медицина саласына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Мәселен, республикада орта есеппен 11 балаға бір компьютер келсе, біздің облыста алты балаға – біреу. Студенттердің шетелге оқуға кетуі үш есе азайды. Енді үш жылда облысымыз медицина саласы бойынша алға шығуы тиіс. Сонда халық бұл жерден көшудің жөні жоқ екенін түсінеді, – деді облыс әкімі.