KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Көкпектідегі қожалық арнайы сауда маркасын қалыптастырды

15.11.2019, 05:45 80

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жылқы мен ірі қара санын көбейткен көкпектілік «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы арнайы сауда маркасын қалыптастырды.

Жан-жақты мемлекеттік қолдаудың арқасында құрал-жабдықтар мен арнайы техника сатып алып, жылқы табыны мен ірі қара мал басын көбейткен шаруашылық соңғы уақытта коммерциялық мақсаттағы жылжымайтын мүлік нысандарын жөндеуді қолға алған.

– Бүгінгі таңда өнеркәсіптік ауқымда сүт өнімдерін дайындап отырған шаруа қожалығы жұмсақ және қатты орамдағы сүт, ірімшік, айран, қаймақ, брынза ірімшігін, май, сүзбе, қымыз және құрғақ қымыз өндірумен айналысады. Өнімдерін Семей, Өскемен, Курчатов қалалары мен іргелес аудандарға «Айша» сауда маркасымен саудалайтын шаруашылық өзіндік бренд қалыптастырған, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасының басшысы Ержан Шұрманов.

Бұдан бөлек, аталмыш шаруа қожалығы жергілікті 35 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив