KZ
Өскемен
-20°
туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Өскемен полицейлері Instagram-да тікелей эфирге шығады

14.11.2019, 10:19 4 027

15-16 қараша күндері Өскемен полицейлері Instagram-да тікелей эфирге шығады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы мен бөлімше басшылары Полиция Департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей эфирге шығып, желі қолданушыларымен ашық сұхбат құрады. Тұрғындар online режимінде сұрақ қойып, жауап ала алады.

– Бұл күндері (7232)23-46-93 нөмірі бойынша Call-орталық та жұмыс істейді, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қабат облыс орталығында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтетінін айта кетейік. Тәртіп сақшылары Полиция департаменті аумақтық бөлімшелерінің барлық фронт-кеңселерінде және «Nur Otan» партиясының филиалдарында азаматтарды қабылдау, олардың сауалдарын көзбе-көз жауап беруге дайын. алуға болады. Ал жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция басқармасының, көші-қон қызметінің және жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері «ADK» сауда орталығында тұрғындармен жүздеседі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу