ШҚО полициясы ауқымды акция өткізеді
Шығыс Қазақстан облысында 17 және 18 шілде күндері «Жолдағы қабылдау» акция өтеді. Полиция қызметкерлері екі күн бойы тұрғындарға кеңес беріп, өтініштерін тыңдайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Бөлімше басшылары тұрғындарды кез-келген уақытта қабылдап, барлық сұрақтарға жауап беруге дайын. Ал тұрғындардан келіп түскен әрбір өтініш ерекше назарға алынады, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменттің баспасөз қызметі.
Акция аясында «сұрақ-жауап» форматында тікелей эфир ұйымдастырылады.
– Аймақ тұрғындары көкейкесті сауалдарын жолдап, полицияның жұмысына қатысты өз ұсыныстарын да айта алады, – деп нақтылай түсті департаменттің баспасөз қызметі.
«Жолдағы қабылдау» сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін қалалар мен аудан орталықтарындағы полицияның фронт-кеңселерінде ұйымдастырылады. Сондай-ақ акция аясында 8 (7232) 77-46-85 жедел желісі жұмыс істейді.