ШҚО-да биыл қыс қандай болады?
ШҚО-да бүгін өткен баспасөз конференциясының барысында «Қазгидромет» РМК филиалының директоры Медет Еркінбеков маусымдық ауа райы болжамымен таныстырды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Қарашаның екінші жартысында ШҚО аумағында ауа райы құбылмалы болады деп болжануда.
- Жиі дымқыл қар жауады, жуын-шашын болады, жаяу бұрқасын соғады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде минус 10...15 градус, кей жерлерде минус 23...28 градусқа дейін төмендейді. Күндізгі уақытта да минус 2...7 градустан 10...15 градусқа дейін аяз түсуі мүмкін, - дейді Медет Еркінбеков.
Ал желтоқсан айында ауа температурасы мөлшерден жоғары болмақ. Жауын-шашын бұл айда қалыпты мөлшер шамасында күтілуде.
Келер жылдың қаңтар-ақпан айларында Карск теңізі аудандарынан суық ауа массаларының шығуына және Сібір антициклонының орнауына байланысты ауа температурасы қалыпты мөлшерден 1-2 градусқа төмен болады. Бұл екі айда жауын-шашын мөлшері қалыпты нормаға сай келеді.
Наурыз айында ауа температурасы мен жауын-шашын қалыпты мөлшер шамасында. Тауыл аймақтарла мөлшерден жоғары болуы ықтимал.