Биыл елімізде қыс қандай болады?
Синоптиктер алдағы қыс мезгіліне ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, биылғы қыс жылы болмақ. Ақпан айында ғана ауа температурасы қалыпты деңгейден 1-2 градуқа төмендеп, күн біршама суытуы мүмкін. Ал желтоқсан мен қаңтар айларында күн жылы болады.
Қыс мезгіліндегі ауа райына күздің жылы болуы әсер етеді. Қарашада ауа температурасы қалыпты нормадан 1 градусқа жоғары болады. ШҚО аумағында бұл айда сынап бағаны минус 1-ден минус 7 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді.
Желтоқсан айында ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болмақ. ШҚО аумағында бұл кезде сынап бағаны минус 9-дан минус 16 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді.
Ал ақпан айында жалпы ауа температурасы қалыпты деңгейден 1-2 градусқа төмен болады. ШҚО аумағында бұл айда сынап бағаны минус 9-дан минус 17 градусқа дейінгі аралықты көрсетеді.