KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 7 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Тас жолдардың сапасы туралы ақпарат беретін қосымша іске қосылады

13.11.2019, 06:22 132

Қазақстанда 2020 жылы республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдардың сапасы жөнінде ақпарат беретін қосымша іске қосылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов мәлімдеді.

- "1 мамырға қарай жол активтерін басқару жүйесі іске қосылады. Болашақта  бұл мәліметтерді Ұлттық жол активтері сапасы орталығы жинайтын болады. Қосымшада жолдардың жағдайын, сапасын көруге болады. Ең алдымен, республикалық маңызы бар тас жолдар туралы ақпарат енгізіледі – барлығы 24 мың шақырым. Кейін жергілікті жолдар да енгізіледі", - деді Сайранбек Бармақов.

Сондай-ақ,  қосымшаның көмегімен жолды жөндеп жатқан мердігер компания жайлы, автожолдың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат алуға болады.

Бұл ақпаратты жинақтау үшін барлық облыстарға арнайы көліктер жіберіліп, орталыққа мәлімет жіберіліп отырады.

Қосымша «Жол активтерін басқару жүйесі» деп аталады. Оны 2020 жылдың маусым айынан бастап қолдануға болады . Android және iOS арқылы жүктеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив