KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да "штрафстоянкаға" 150-дей сиыр қамалды

4.11.2019, 04:25 97

Ұлан ауданының полиция қызметкерлері 143 бас сиырды «штрафстоянкаға» қамады, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

«1 қарашада Аблакет ауылдық окруі әкімінің атынан Бесқарағай ауылының маңында сиырлардың бағымсыз жүргені жайында шағым түсті», – делінген департамент ақпаратында.

Осы шағымнан кейін полицейлер жергілікті билік өкілдерімен бірге 143 бас ірі қараны қамаған. Кейіннен бұл сиырлардың 11 адамға тиесілі екені анықталып, оларға әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, ШҚО-да 262 «штрафстоянка» бар. Жыл басынан бері оларда бес мыңдай бас мал қамалған.

Поиция департаменті бұл «штрафстоянка» бағымсыз малдың ұрланып немесе жоғалып кетпеу үшін ұйымдастырылғанын айтады. Олардың мәліметінше, жыл басынан бері 230 мал ұрлығы тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда мал ұрлығының 26% азайғанын көрсетеді

Бұдан бөлек бағымсыз мал жол-көлік оқиғасына да душар етеді. Биыл мұндай үш оқиға тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив