Өскемендегі 45-ші дәріхана ауданындағы жер асты өткелі аянышты жағдайда тұр
Өскемендегі 45-ші дәріхана ауданындағы жер асты өткелі аянышты жағдайда тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Мына есіктің қирап тұрғанына бір ай уақыт болды. Бірақ сынған бойы әлі тұр, ешкімнің жөндейтін ойы жоқ секілді, – дейді тұрғын.
Әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен мәселеге қала жұртшылығы түрлі пікір қалдырыпты. Тұрғындардың айтуынша, дәл осы жер өткеліндегі қоқыстар айлап жиналмай жатады екен.
Оқи отырыңыз