KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Өскемендегі №17 автобустың жүру бағыты өзгерді

23.10.2019, 10:16 246

Өскемендегі №17 автобустың жүру кестесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Автобустың соңғы аялдамасы бұрынғыдай «Ивушка» дүкені маңында емес, енді Октябрь кентінде болады. Яғни, одан ары Грузинский, Севастопольский, Гагарин бульварі көшелерін басып өтеді.

– Ивушка маңына автобус көп келеді. Ол жерде орын аз. Сол себепте маршрут ұзартылды. «Октябрьскийде» орын жеткілікті, – деді Владимир Землянский, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметкері.

Айта кетейік, №17 автобустардың аралық интервалы онсыз да аз емес. Бұған байланысты көліктер саны көбейтіле ме, жоқ па – ол жағы айтылмады. Қазіргі уақытта бұл бағытта 12 автобус жүреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив