KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 9 м/с, ОШ
521.9 593.5 6.39

Өскеменде балабақшаны тонап кетті

9.10.2019, 05:44 202

Өскемендегі балабақшалардың біріне ұры түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Балабақшаның акт залынан 130 мың теңгенің мүлкі жоғалып кеткен екен.

Бұл туралы қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдейді.

2 қазан күні балабақша қызметкері полицияға арызданған. Айтуынша, 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында белгісіз біреулер ғимараттан балабақшаның мүлкін алып кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті әйел адам ұсталды. Ол 35 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны екен. Күдікті кінәсін толық мойындап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу