Өскеменде жылы аялдамадағы теледидарды ұрлап кетті
Өскеменде жылы аялдамадағы теледидарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Теледидар – «Өскемен-Тәртіптің» жеке мүлкі екен. Аялдамаға барша жолаушының игілігі үшін қойылған теледидар қолды болып отыр.
Алайда ұры ізін суытып үлгермеді. Тәртіп сақшылары күдікті ретінде бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.
– Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру негізсіз деп танылды, – деп мәлімдеді Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз