Васильев өткеліндегі паромның қашанға дейін жүретіні айтылды
Васильев өткеліндегі паромның қай уақытқа дейін жүретіні айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Өткелдегі паром дәл қазіргі кесте бойынша 20 қарашаға дейін жұмыс істейді, – делінген жауапты кәсіпорынның ақпаратында.
Айта кетейік, Васильев атты бұл өткел Катонқарағай – Көкпекті аудандарын жалғап жатыр.
Паром 5 мамырдан бастап таңғы сағат 7:40-тан кешкі сағат 22.00-ге дейін күнделікті жұмыс істеп тұр.
Паромның толық кетесі мынадай:
- Катонқарағай ауданынан (оң жақ жағалау): 7:40, 9:00, 11:00, 13:00, 15:00, 17:00, 19:00, 21:00;
- Көкпекті ауданынан (сол жақ жағалау): 8:00, 10:00, 12:00, 14:00, 16:00, 18:00, 20:00, 22:00.