Семейде студенттік жол жүру билеті деген жоқ. Жол жүру билеті бәріне ортақ - Асқар Зияданов
Семей тұрғындары үшін жол жүру билеті сатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Semey Bus» автопаркінің директоры Асқар Зиядановтың айтуынша, айлық жол жүру билеті қаладағы 14 маршрутқа жарайды. Бірақ электронды билет жүйесі енгізілген күннен бастап, жол жүру билеттері сатылмайды екен.
– Айлық жол жүру билетін ай сайын сатылады. Бағасы – 6000 теңге. Билеттерді «Жансая» базарынан «Аркада» сауда үйінен және автопарктерден алуға болады. Студенттік жол жүру билеті деген жоқ. Жол жүру билеті бәріне ортақ. Осы айға арналған билеттер сатылып кеткен. Келесі айда тағы да сатамыз, – дейді «Semey Bus» автопаркінің директоры Асқар Зияданов.