«0% дайындық» - Өскемендегі 29 үй жылыту маусымына дайын емес
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Өскемен əкiмдiгiнде өткен Қоғамдық кеңес отырысында қаланың 2019-2020 жылу беру маусымына дайындығы талқыланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жиында «Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы басшысы Фархат Жілібаев бекiтiлген кесте бойынша тиiстi жұмыстар атқарылып жатқанын жеткiздi.
- Бүгiнде қалада 1666 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесiне қосылған. Пешпен жылытылатын үйлердің саны – 55. Оның ішінде 29 үйдің жылыту маусымына дайындығы 0%. 33 үйдің дайындығы 20%-ды ғана құрайды, - дейдi ол.
Отырыста проблемалардың арасында ПИК мəселесi, тұрғындардың уақытылы ақша тапсырмауы секiлдi түйткiлдердi ерекше атап ɵтілді.
Қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова аталған мәселені екі апта уақыт ішінде шешуге тапсырма берді.
- Қойылған талаптар орындалғанға дейін 29 үйге жылу берілмесін, - деді қала әкімінің орынбасары. орынбасары.