KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Сарапшылар Қазақстандағы ең бай өңірлерді атады

4.10.2019, 08:54 287

Finprom.kz порталының сарапшылары Қазақстандағы ең бай өңірді атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, елімізде ересек адамдардың саны 12,1 миллион. Олардың 96,6%-ының немесе 11,7 миллион адамның жалақысы айына 10 мың доллардан аспайды.  Ал 2,7 пайызы немесе 326 мың адам жылына 10-нан 100 мың долларға дейін ақша табады.

2019 жылдың екінші тоқсанында халықтың орташа ақшалай табысы 169,5 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға (153,7 мың теңге) артық.

Жалақысы ең көп өңір – Алматы қаласы. 234,9 мың теңге. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 218,8 мың болған.  Елордада орташа табыс - 226,7 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артық (213,5 мың). Үздік үштікті түйіндейтін Қарағанды облысы. Бұл жерде халықтың орташа табысы 9,4 пайызға артқан, яғни 199,7 мың теңге. Бір жыл бұрын 182,6 мың болған.

Табыс сомасы бойынша өңірлердің үздік бестігіне Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облысы кірді – тиісінше 198,4 мың және 191,7 мың теңге.

Еліміздің сегіз өңірінде халықтың табысы орташа республикалық есептен төмен. Табысы ең аз Түркістан (100,4 мың), Жамбыл (128,1 мың) және Қызылорда (137,7 мың) облыстары.  Табыстың негізгі бөлігі еңбек қызметінен түседі: 72,8 пайыз немесе 123,4 мың теңге. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 115,1 мыңға тең болған. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу