ШҚО-да жан басына шаққандағы орташа табыс қанша?
![](/kz/uploads/posts/iblock/08c/08c58bf7ad76c6e76ed42ba27c52da49.jpg)
2020 жылғы бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан облысы халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 104 986 теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа шамадан 4,9 пайызға төмен, деп хабарлайлы Статистика комитеті.
2019 жылғы бірінші тоқсандағы деректерге қарағанда орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстың өсу қарқыны 116,8 пайыз, нақты ақшалай табыс – 110,4 пайыз болған.
Шығысқазақстандықтың ең төменгі күнкөріс шамасы 2020 жылғы бірінші тоқсанында орташа бір айға 30 426 теңгеге, 2019 жылғы бірінші тоқсанында орташа бір айға – 27 404 теңге деп бағаланды. Республика бойынша ең төменгі күнкөріс шамасы 2020 жылдың бірінші тоқсанына орташа бір айға 30 343 теңгені құрады, өткен жылдың бірінші тоқсанына – 27 144 теңге болған.