KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 1 м/с, СШ
523.86 544.34 5.11

15 қазанға дейін ШҚО аудандары көмірмен 100% қамтылуы керек. Әкім тапсырма берді

3.10.2019, 04:56 147

15 қазанға дейін. Д.Ахметов аудандарды көмірмен 100% қамтамасыз етуге тапсырма берді. Шығыс Қазақстан өңірінде ауыл-аймақтың халқы әлі күнге дейін көмірмен толық қамтылмай отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында белгілі болды. Мысал үшін айталық, Катонқарағай ауданының тұрғындары көмірмен 70%, Тарбағатай – 75%, Зайсан – 82%, Аягөз ауданы 75% ғана қамтылған. Қалған аудандарда да дәл осындай олқылықтар бар.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, аудандар негізінен 3 қазанға дейін көмірмен толық қамтылуы тиіс болған. Аудан әкімдеріне ескерту жасаған Даниал Кенжетайұлы, бұл істі 15 қазанға дейін түбегейлі тындыруға тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу