KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Семейде нан қымбаттай ма?

23.10.2019, 06:16 345

Семейде нан бағасы қымбаттай ма, қалалық кәсіпкерлер палатасы жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Семей қаласының статистика басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері 1-ші сұрыпты ұнның бағасы 27,5% - ға яғни 28 теңгеге (102 тг/кг-ден 130 тг/кг-ға дейін) қымбаттаған.⠀ Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз уақыт бұрын ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды деген болатын. Осыған байланысты, Семей қаласының кәсіпкерлер бөлімі жауап берді.

– Біз күн сайын дүкендерге хабарласып, нан бағасын бақылап отырмыз. Қазір қаламызда нанның бағасы 65-85 теңге аралығында. Иә ұнның бағасы көтерілгені рас. Бірақ біз қаладағы наубайхана иелерімен кездескен болатынбыз. Әзірше нанның бағасы қымбаттамайды. Өйткені қордағы ұн біраз уақытқа жетеді, - дейді кәсіпкерлер бөлімінің маманы Данияр Шәкәрімов.

 


 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу