KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Артық анализ тапсыртатын дәрігерлер жазаланады

30.09.2019, 10:46 65

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін артық анализге жіберетін дәрігерлерге қатысты әкімшілік ауапкершілікке тартылатыны жайлы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетсек, 2020 жылы елімізде міндетті медициналық сақтандыру енгізілмек. Онымен бірге  науқастар тегін тапсыратын анализдердің тізімі де кеңейтіледі екен.

- Медициналық сақтандыру аясында  халықты тегін медициналық қызметпен, оның ішінде диагностикалық және зертханалық зерттеулермен кеңінен қамтуды жоспарланған. Бірақ осы тұста назар аударатын бір мәселе туындайды. Біз өзіміздің заңнамалық бастамамыздың аясында науқасты қажетсіз анализдер тапсыртатын медицина қызметкерлеріне қатысты әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді де жоспарлап отырмыз,- дейді министр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу