Су қоймасындағы апат. Өскемендіктер суық сусыз қалды
Өскеменнің су қомайларында апатты жағдай орын алды. Осыған байланысты Защита ауданының тұрғындары суық сусыз отыр. Ал Абай даңғылындағы тұрғын үйлерде су краннан сыздықтап қана ағады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Таңғы сағат 9.35-тегі апатты жағдайға байланысты Солтүстік-Атаман су қоймасының сорғы станциясы істен шықты. Сағат 10.20-да Төменгі Согра су қоймасының резервтік сорғы станциясы іске қосылды. Жағдайды «Өскемен Водоканал» мекемесінің мамандары бақылауға алды, – деп мәлімдеді қалалық әкімдік.
Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, Защитадағы білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне су тасымалдау шаралары ұйымдастырылған. Ал тұрғандар бұл мәселе бойынша 53-16-61 телефонына хабарласауы керек.