KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

ШҚО-да жол жабылды: Өскемен–Үлбі–Северное тауына қарай қозғалыс тоқтатылды

5.12.2025, 17:30 129 Базарова Айгүл

«ОблШығысЖол» хабарлауынша, бүгін сағат 18:00-ден бастап облыс аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Боран, екпінді жел, қардың қалың түсуі мен көктайғақ салдарынан көріну деңгейі төмендеп, жолда жүру қауіпсіздігі айтарлықтай нашарлаған. Осыған орай Өскемен–Үлбі–Северное тауына қарай бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың 45–60 шақырым аралығы (Феклистовка ауылы – Северное ауылына бұрылыс) барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерден алыс жолға шықпауға, ауа райы жақсарғанша сапарды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу