"Сүт жинап, зауытқа өткізу керек" – Көпбалалы отбасыларды кәсіпке тарту
Көпбалалы отбасыларды кәсіпке тарту керек. Бұл туралы көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу жөніндегі қоғамдық комиссия отырысында аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Мәселен, өңіріміз ірі қар мал саны жағынан басқалардан алда. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сүт жинап, зауытқа өткізу керек. Осылайша көпбалалы отбасылардың кәсіппен айналысуына жол ашуға болады. Бір айдан кейін бұл мәселеге тағы бір тоқталамыз. Сол кезде әр аудан, әр қаланың әкімінің істеп жатқан істерін көретін боламыз, – деді аймақ басшысы.