KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

Қала күні Өскеменнің бірнеше көшесі жабылады

13.09.2019, 11:53 271

Қала күні Өскеменнің бірнеше көшесі жабылып, қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, 14-ші қыркүйекте қала күніне орай мерекелік іс-шаралар өтетіні жайлы жазған едік. Соған байланысты 13-ші қыркүйек мерекеге дайындық жұмыстары өтеді. Сол себепті Республика алаңы мен «Сулпак» сауда үйінің алдында жол қозғалысы жабылады.

Ал 14-ші қыркүйек сағат таңғы 06:00-ден бастап түнгі 00:00-ге дейін Республика алаңы (Қ.Қайсенов-Қабанбай батыр), М.Горький, С.Нұрмағамбетов (Киров көшесінен Пермитинаға дейін), Тоқтаров көшесінен бастап Қазақстан көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу