KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

«Неге бір сәт болсын біз жайлы ойламайды?». Семейде жұмыссыз қалған кондукторлар мен автобус жүргізушілері биліктегілерге өкпелі

10.09.2019, 06:28 262

«Неге бір уақыт болсын біз жайлы ойламайды?». Семейде жұмыссыз қалған кондукторлар мен автобус жүргізушілері биліктегілерге өкпелі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Семейдегі жаңа автобустардың өз жұмысын бастағанын жазған едік. Бірінші күннен-ақ тұрғындар наразылығын тудырған мәселе әлі өз шешімін таппай келеді. Жаңа маршруттар пайда болғалы бағыттарынан жаңылған семейліктер күнде жұмысымыздан кешігеміз деп отыр.

9-шы қыркүйек жұмыссыз қалған кондукторлар, автобус жүргізушілер және жеке меншік иелері қала әкімімен кездесті.

– Бәріміздің отбасымыз бар. Мәселен мен автобусқа 32 мың долларымды жұмсадым. Бүкіл жиған тергенімді осы іске арнадым. Ал енді міне жұмыссыз қалдым,  – дейді жиналысқа қатысқан жеке меншік иесі.

Ал қала әкімдігі болса, ескі  автобустарды қайтармаймыз деп отыр.

– Жиналғандардың бәрін тыңдадық. Кейбіреулер жаңа автопаркке орналасады. Ескі автобустарда сапалы жұмыс болмайтыны белгілі. Автобустардың сынып, қозғалыс кестесі бұзылады. Күнделікті келіп түсетін шағымдарға байланысты, автобустарды жаңарттық. Тұп-тура бір апта ішінде қоғамдық көліктердің жұмысын ретке келтіреміз – деді қала басшысы Ермак Сәлімов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу