KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Сотты болып, есепте жүргендерді тіркейтін биометриялық терминал орнатылды - Өскемен

16.09.2020, 06:33 169

Өскемендегі ШҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің ғимаратында  сотты болып, есепте жүрген тұлғаларды тіркейтін биометриялық терминал орнатылды. 

– Үлбі аудандық пробация қызметі есепте жүрген тұлғаларды тіркеуді жақсарту мақсатында облыстық прокуратураның бастамасымен Өскемен қаласындағы пробация қызметтерінің есебіндегі адамдарды келіп-кеткен сайын тіркеп отыратын арнайы құрылғыны ШҚО бойынша ҚАЖД ғимаратында орналастырылды, – дейді Солжағалау аудандық пробация қызметінің психологы Мөлдір Қабибиева. – Аталмыш терминалға сотталғандарды саусақ іздері арқылы анықтау үшін олар туралы барлық деректер енгізілген. Кіріп-шыққан сайын есептегі азаматтың келген күні мен уақыты тіркеліп отырады.

Жауапты тұлғаның айтуынша, компьютерлік бағдарламаға сотталған тұлғаның анкеталық деректері енгізіліп, арнайы сканер арқылы оның саусақ іздері сканерленеді. Ол келесі келгенде барлық деректер анықталып, әңгімелесу парағына түсіп тұрады. 15 минутқа созылатын профилактикалық әңгімелесуден соң сотталған азамат әңгімелесу парағына қол қойып, өзінің осы жерде болып қайтқанын тағы бір дәлелдейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу