Шығысқазақстандықтар Арыстағы құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтады
Шығысқазақстандықтар Арыстағы құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Арыс қаласының 8-секторында негізгі құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Аталған секторда жарылыстан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына жауапты Мақтаарал ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы болатын, – деп мәлімдеді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысынан барған 300-ден астам құрылысшы аталаған секторға қарасты 527 үйді қайта жөндеуден өткізіп, 5 үйді бастан-аяқ салып шықты.
– Аз ғана уақыттың ішінде қыруар жұмыс атқарылды, – деп жазды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
.