KZ
Өскемен
снег жел 8 м/с, Ю
525.11 546.74 4.88

ШҚО-да қылмыстық істер электронды форматта қаралуда

3.09.2019, 09:08 156

 

Еліміздің құқық қорғау органдары биылдан бастап орта дәрежедегі қылмыстық істерді электронды форматта қарай бастады. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елена Антипова хабарлады.

– Біз алдымызға барлық қылмыстық сот өндірісін тіркеуден бастап сот шешім шығарғанға дейінгі және одан әрі жазаны өтеуді де электронды форматқа көшіру жөнінде мақсат қойған болатынбыз, – деді Елена Антипова. – Осы бағытта модуль жасақталып, 2018 жылдың сәуір афнан бастап өңірдің құқық қорғау органдары істерді электронды форматта қарай бастады. Өткен жылы орта дәрежедегі қылмыстық істер қаралса, биылдан бастап орта дәрежедегілері электронды форматта қарала бастады.

Оның айтуынша, аталмыш үрдіс оң нәтижесін беріп, сотқа дейінгі тергеу органдары жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар қылмыстық іс қатысушыларына да бірқатар мүмкіндіктер берген. Бұдан бөлек, адвокаттар мен басқа да қатысушыларға онлайн режимде процессуалды құжаттардың көшірмесін алып, қолдаухат беруге мүмкіндік жасайтын «Қоғамдық сектор» ақпараттық порталы іске қосылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу