Қазақстанда ҰБТ электронды форматқа көшіріледі
Елімізде ҰБТ электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тамыз конференциясында мәлімдеді.
– ҰБТ өткізу процедурасын өзгертуді жоспарлап отырмыз. Аталмыш тест кезінде оқушылар неше түрлі қулыққа барады. Өз біліміне сеніп, көбірек балл алуды ойламайды. Басқа факторлардың көмегімен жақсы тапсырып шыққысы келеді. Сондықтан біз ақырындап ҰБТ-ны электронды форматта тапсыртуды жоспарлап отырмыз. Бізге ҰБТ-ның грант берілу кезінде шынайылық пен әділдікке кепіл болғаны керек, – деді Министр.
Оқи отырыңыз